Accessibility links

Обама ынталандыру жоспарын қабылдау өте қажет деді


АҚШ президенті Барак Обама Конгресті өзінің ел экономикасын ынталандыратын жоспарын тезірек қабылдауға шақырды. Ол бұл ақша Америка экономикасын құтқару үшін өте қажет деп айтты.
"Біз бұл қажеттілікті тезарада толығымен орындауымыз қажет. Ол жоспардың көлемі мен салмағы айқын. Енді қазір әрекет ететін уақыт. Өйткені егер біз шұғыл қимылдап, бұл жоспарды іске қоспасақ, біздің экономикамыздағы дағдарыс ұлттық апатқа әкеледі. Миллиондаған американдық жұмысын жоғалтып, үйлерінен, денсаулығынан айрылады".

Сенбі күні сенаторлар төтенше отырыс өткізіп, 800 млд доллар болатын бұл жоспарды талқылаған. Обама басында 900 млд доллардан көбірек сұраған еді, кейін 100 млд доллары алынып тасталды. Оның көбі АҚШ штаттарына көмекке, білім беру бағдарламаларына қажет делінген. Кейін республикандықтардың көбі оған қарсы шығып, көп ақша құр босқа шығындарға кетіп жатыр деді.
Жұма күні шыққан ресми деректерге қарағанда, қаңтар айында АҚШ-та 600 мың адам жұмысын жоғалтып, жұмыссыздық 7,6 пайызға өскен. Бұл соңғы 17 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG