Accessibility links

Швейцария ЕуроОдақ мигранттары құқына қатысты дауыс беруде


Бүгін Швейцарияда дауыс берушілер елге келетін еуропалық мигранттардың еркін жүріп-тұруы мен жұмыс істеу құқы туралы референдумға қатысуда. Швейцария Еуропа Одағына мүше емес, бірақ одақпен экономикалық және басқа да жақын байланыстары бар. Референдумда швейцариялық дауыс берушілер Еуропа Одағына мүше 25 елдің мигранттарын қабылдау жөніндегі бұрыннан бар келісімді жаңғырта беруі керек пе, әлде оны одақтың жаңа мүшелері Болгария мен Румыниямен кеңейту керек пе деген мәселені шешетін болады.
XS
SM
MD
LG