Accessibility links

АҚШ: Қырғыз әуебазасының жабылуы қиындық тудырмайды


АҚШ-тың аға генералының айтуынша, Құрама Штаттардың Ауғанстандағы әскери операцияларына Қырғызстандағы Манас әуебазасының жабылуы салдарын тигізе алмайды. Генерал Джеймс МакКонвилдің сөзіне қарағанда, АҚШ-тың Ауғанстандағы адамдарға қажетті жабдықтарды жеткізетін басқа да жолдары бар, бәрі бірдей Манас әуебазасына тәуелді емес.
Қырғыз үкіметі өзінің жеріндегі американдық базаны жабатынын айтып, енді АҚШ күштеріне қажетті заттар тасу үшін Манасты пайдалануға тыйым салатынын айтқан. Ресми Бішкек АҚШ-тың бұл база үшін көбірек ақша төлегенін қалайды. Американ генералының сөзіне қарағанда, Қырғызстанмен бұл әуебаза бойынша келіссөз әлі жүріп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG