Accessibility links

ҚР үкіметі ипотекалық несиенің мөлшерлемесін төмендетпек


Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП фракциясының кеңейтілген отырысында мәлімдеген ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов: «Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтары, яғни бюджеттік және әлеуметтік саланың қызметкерлері үшін несие мөлшерлемесі жылына 9 пайыздан артық болмайды, ал қалған салымшылар үшін 11 пайыздық мөлшер болады. Депозиттер мерзімі 20 жылға дейін ұзартылды, ал айтылған критерийге кіретін азаматтардың банктердегі несиелерін арзандатылған мөлшер бойынша қайта қаржыландыруына мүмкіндіктері бар», — деді.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл шарттар тұрғын жайының аумағы 120 шаршы метрден аспайтын және бір ғана үйі бар азаматтарға қатысты болады.
XS
SM
MD
LG