Accessibility links

Қарағандыда қаскүнемдер сауда орталығын өртеп жіберген


Облыстық төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратынша, Қарағандыдағы қала орталығында орналасқан «Абсолют» сауда үйін белгісіз қаскүнемдер өртеп жіберген.

Өрт туралы түскен дабыл қоңырауының нәтижесінде кезекші құтқару қызметі барған сәтте қағаз қораптар мен сөрелер жанып кеткен.

Өрт сөндіру қызметі өрт себебін қасақана жағып жіберу деп отыр, бұған дәлел өрт болған жерден табылған екі бөтелке жанғыш қоспа мен сыртқы терезенің сынуы. Облыстық ІІД тергеу алдындағы тексеру жұмыстарын жүргізуде.
XS
SM
MD
LG