Accessibility links

Кәсіпкер Ахметов әділетсіздікке қарсы екінші саусағын кесуге дайын


Сот орындаушыларының әділетсіздігіне ұшырағанын мәлімдеп, оларға білдірген наразылығы ретінде сол қолының шынашағын кесіп тастаған кәсіпкер Тахиржан Ахметов егер өзіне қатысты әділетсіздік жалғаса беретін болса енді оң қолының шынашағын кесетінін айтып, ҚР президенті Н.Назарбаевқа ашық хат жолдады.

«Конституцияның кепілі президентке менің хатым жетер болса, сол арқылы сот шешімі бойынша шара қолданылар деген үміттемін. Ал егер азаматтық құқығым бұдан әрі тапталатын болса, 23- ақпан күні жұртшылықтың алдында екінші саусағымды кесемін, егер ол да көмектеспесе, қарсылық ретінде өзімді-өзім өртеймін», — деді Тахиржан Ахметов Азаттық тілшісіне.
XS
SM
MD
LG