Accessibility links

Соққыға жығылған журналистке операция жасалуы мүмкін


Бүгін Қалқамандағы №7 қалалық аурухананың нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері соққыға жығылған тәуелсіз «Общественная позиция» газетінің тілшісі Бақытжан Нұрпейісовтің жарақатын тексерудің басқа да әдістерін қолдану арқылы нақтылай түсті. Дәрігерлер журналистің миына аздап қан құйылғандығын айып отыр, бүгін екінші мәрте жасалған компьютерлік томография мидың жарақатын растады, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Жәнібек Жанайдаровтың айтуынша, науқастың бас сүйегі мен миы жарақаттанған, бет сүйегі сынған, жарақаты өте күрделі. Қазір науқасқа консервативтік ем қолданылуда. Алайда сынған сүйектің жарықтарын тазалау үшін операция жасау қажет. Егер науқастың ата-анасы рұқсатын беріп жатса, дәрігерлер операцияны жақын күндердің бірінде жасамақ.

«Бәрі жақсы болса дәрігерлер қайтадан тексеруге әкетпес еді ғой. Анализдерін алып, рентгенге қайтадан түсіріп жатыр. Дәрігерлердің консилиумге жиналуы да көңілге күдік ұялатады», — деді журналистің анасы Гүлдана Нұрпейісова.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG