Accessibility links

Байқоңырдан «Союз-У» зымыран тасығышы ұшырылады


Бүгін Байқоңырдан «Прогресс М-66» жүк тасымалдаушысымен «Союз-У» зымыран тасығышының ұшырылатын күні, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Осыған байланысты №31 ұшыру кешенінің алаңында ұшыру «үстеліне» қойылған зымыран тасығышты даярлау жұмыстары аяқталды. Зымыран тасығыш бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11.48-де ұшырылмақ. «Прогресс М-66» жүк тасымалдаушысы халықаралық ғарыш станциясына жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құрылғылар сияқты 2,5 тонна жүк жеткізбек.

XS
SM
MD
LG