Accessibility links

Мәскеуде қазақстандық студенттің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды


Бұл туралы хабарлаған ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, жедел тексеру шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысты ұсталған мәскеулік үш күдікті алынған мойындау жауаптары мен іске қатысты жиналған дәлелдер бойынша әшкереленді.

Мәскеудің Губкин атындағы мұнай-газ университетінің 1-курс студенті, қазақстандық азамат Ерлан Айтымовтың өлімі бойынша күдікті деп танылған үш мәскеуліктің біреуінің жасы 23-те, қалған екеуі 18-де, қылмыстың себептері зерттелуде және РФ қылмыстық кодексінің 111 және 105 баптары бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG