Accessibility links

Қазақстанға Чехияның премьер-министрі келмек


ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, 12-13 ақпан аралығында Чех Республикасының премьер-министрі және Еуропалық Одақтың төрағасы Мирек Тополанектің Қазақстанға ресми сапары жоспарлануда.

Сапар барысында М.Тополанек қазақстандық басшыларымен кездесіп, Орталық Азия-Еуроодақ диалогы шеңберіндегі Чехияның Еуропалық Одаққа төрағалық етуі, қазіргі ахуалы мен екіжақты қатынастардың даму бағыттар туралы күрделі мәселелерді талқыламақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG