Accessibility links

ЖСДП үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасына өз талаптарын ұсынды


Бүгін баспасөз мәслихатын өткізген Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы Қазақстан үкіметінің дағдарыстан шығуы үшін үкімет бағдарламасына қарсы өз талаптарын ұсынды, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

«Өткен жұма күні ЖСДП саяси кеңесінің отырысы болды, онда біздің ең басты талқылаған мәселеміз елдегі экономикалық дағдарысқа байланысты бүгін қандай әрекеттер жасау керек деген төңіректе болды. Соның нәтижесінде ЖСДП-ның Қазақстанның экономикалық дағдарыстан шығуна тиісті талабы туындады. Мұндағы ең басты мәселе — бүгінгі экономикалық дағдарыстың себеп-салдарлары, бүгінгі биліктің осыған байланысты іс-әрекеттеріне баға және мамандар мен сарапшылардың қорытындысының нәтижесінде жасалған біздің балама түрдегі ұсынысымыз. Осыған дейін мақтаулы болып келген еліміздің экономикасындағы өсу мен ЖІӨ-нің көлемі шын мәнінде олай болмай отыр, олай дейтініміз дәл қазіргі уақыттағы қарапайым халықтың ауыр жағдайы мен мемлекеттің көп мөлшердегі сыртқы қарызы. Осыған байланысты біз өз талаптарымызды ұсынып отырмыз», — деді Жармахан Тұяқбай.
XS
SM
MD
LG