Accessibility links

Қарағандыда дүкен тонаушы ұсталды


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағандыда 20 жастағы жігіт тапаншамен қорқытып, бір дүкеннен 5 мың теңге тартып әкеткен, 15 минуттан кейін келесі дүкенге кіріп 36 400 теңгенің затын иемденіп кетсе, 5 минут өткен соң осы дүкеннің басқа бөлімінен 121 100 теңге құрайтын бұйымдарды алып кеткен.

Полицейлер тонаушыны қолға түсірді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, тонаушыдан МЕ9 Mini-PARA газды тапаншасы тәркіленді. Аталған қылмыс бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 179-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG