Accessibility links

Қарағандыда дүкеннен құндыз тон ұрлаған күдіктілер ұсталды


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицейлер Қарағанды мен Теміртау дүкендерінен 14 құндыз тон ұрлап кеткен 17, 19 және 29 жастағы үш күдікті қызды қолға түсірді. Олар Қарағандының Осакаров ауданының және Павлодар облысының тұрғындары екен.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер ұрланған тондарды ломбардқа өткізіп, ақшасын жалға алған пәтерлерін ақысына төлеп тұрған, полиция қызметкерлері тондарды тәркіледі. Аталған қылмысқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
XS
SM
MD
LG