Accessibility links

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұн қоймасы табылды


ҚР ҰҚК шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қапланбек» шекара заставасының аумағында, мемлекеттік шекарадан 250 метр жерде Сарыағаш отрядының шекарашылары жалпы салмағы 59 тонна 850 килограмм құрайтын 1200 қап ұн сақталған қойманы тапқан.

Жүктің иесі Қазақстанның азаматы, ал ұн заңсыз жолмен Өзбекстанға жеткізілу үшін сақталған. Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
XS
SM
MD
LG