Accessibility links

Израиль парламентi сайлауының негізгі қорытындысы жарияланды


120 орындық Кнессеттің 28 мандатын иеленген Кадима партиясы да, 27 мандатқа ие болған Ликуд партиясы да өздерін жеңімпаз деп жариялады. Әзірге жалпы есептеуге жауынгерлердің даусы қосыла қойған жоқ.

Бірде-бір партия басым дауысқа ие болмаған жағдайда президент Шимон Перес жаңа үкімет басшысын тағайындайтын болады.

Кадима басшысы, Сыртқы істер министрі Ципи Ливни болса Кадиманың бастауындағы ұлттық коалициялық үкіметке қосылуға Ликуд басшысы Бенжамин Нетаняхуды шақырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG