Accessibility links

Иран АҚШ-пен Ирақ қауіпсіздігіне байланысты жаңа сипаттағы сөйлесуге әзір


Ресми Теһран ресми Бағдаттың Ирақта толық қауіпсіздік орната алғанын қызу қуаттады. Бұл жөнінде Иран Сыртқы істер министрі Манучер Моттаки ирақтық әріптесі Хошиар Зебаримен Бағдаттағы кездесуінен кейін, ақпанның 11-де айтқан болатын. Ирақтағы қауіпсіздікке орай ресми Вашингтонмен сөйлесулерді жаңғыртудың қажеті жоқ деді Иран министрі.

АҚШ пен Иран осы тақырыпқа байланысты 2007 жылдан бері үш рет бетпе-бет сөйлескен болатын.
XS
SM
MD
LG