Accessibility links

Қырғызстан: Манас әуе базасы қаржылық себеппен жабылды


Президент Құрманбек Бакиевтің айтуынша, АҚШ әуе базасының жабылуына ресми Вашингтонның тиісті жалдау қаржысын төлеуден бас тартқаны себеп болған. Бакиев ол базаны жабу жөніндегі шешімді өткен аптада хабарлаған болатын.

Аталған жағдай қос ел қарым-қатынастарына әсер етпейді деп сенетінін президент білдірді.

АҚШ күштері Манасты 2001 жылдан бері Ауғанстандағы шараларға жүк тасу үшін қолданып келген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG