Accessibility links

«Санақшымен танысып қойыңыз!» акциясы өткізіледі


ҚР статистика агенттігінің баспасөз хатшысы Динара Жандаеваның хабарлауынша, Қазақстан аумағында осы жылдың 21-24 ақпаны аралығында «Санақшымен танысып қойыңыз!» атты акция өткізіледі.

Аталған акция статистика органдары мен жергілікті атқарушы органдардың және республика қалаларының барлық пәтер иелерінің кооперативтерінің қатысуымен өтеді. Акцияның негізгі мақсаты қазақстандықтарды санақшы кейпінде үйге келетін бөгде адамдардан сақтандыру.

«Санақ кампаниясын өткізуге 58 368 санақшы тартылды. Шараның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санақшының «ерекше белгісі» де енгізілді. Әрбір санақшыда арнайы жапсырмасы бар сөмке, қалам және мойын орағыш болуы тиісті» , — деді Д. Жандаева.

Сондай-ақ азаматтар 8 800 080 7828 шұғыл телефон желісі арқылы санақшы туралы ақпарат ала алады.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG