Accessibility links

АҚШ Конгресі дағдарысқа қарсы пакет жариялауға келісті


АҚШ Конгресі қос палатасының жетекшілері президент Барак Обама ұсынған дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қабылдау мәселесінде ымыраға келгендерін мәлімдеді. Бұған дейін екі палата бұл жоспарды екі түрлі нұсқада қабылдаған еді.

Ақ үй өкілдерінің қатысуымен жасалған заң жобасының бір ауыздан келісілген нұсқасын Конгресс таяу күндері мақұлдамақ. Бұрынғы қабылданған нұсқаға қарағанда пакет көлемі шамалы азайған. Жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту мен салық жеңілдіктерін қамтамасыз етуге барлығы 790 миллиард доллар бөлінеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG