Accessibility links

Чехияның үкімет басшысы Қазақстанға келді


Сәрсенбі күні Чехияның премьер-министрі Мирек Тополанектің Қазақстан, Түркіменстан және Әзірбайжанға ресми сапары басталды.

Сапар бағдарламасы бойынша Қазақстанға келген М. Тополанек 12 ақпанда Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездеседі.

Жұма күні Ашхабадта Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімухаммедовпен, елдің сыртқы істер және энергетика министрімен кездесетін Чехия үкіметінің басшысы сол күні Бакуге ұшып кетеді. Онда чех делегациясы президент Ильхам Әлиевпен және премьер-министр Артур Расизадемен кездеседі деп жоспарланған.

Чехия премьер-министрі кездесулерінің басты тақырыбы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту.
XS
SM
MD
LG