Accessibility links

Амнести Интернэшнл: Түркіменстан уәделерін орындамай отыр


Амнести Интернэшнл адам құқын қорғаушы ұйымның айтуынша, Түркіменстанда үкіметтің адам құқықтарын сақтауға берген уәделеріне қарамастан саяси қудалаулар, қамаулар мен абақтыға жабу жағдайлары жалғасып отыр.
Аталған ұйым президент Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің бірқатар саясатын өзгертті, бірақ адам құқықтарын жақсартуға берген уәделерін әлі орындамай келеді деді.

Амнести Интернэшнлдың айтуынша, журналистер, азаматтық құқық қорғау белсенділері және діни сенімдеріне байланысты көптеген адамдарды қудалаулар мен қорқытып-үркіту оқиғалары әлі жалғасып отыр. Бейсенбі күні жарияланған бұл құжатта әділеттік іздеген көптеген адамның тізімі берілген.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG