Accessibility links

Ақ Үй мен Конгресс ынталандыру келісіміне қол жеткізді


АҚШ заңшығарушылары ел экономикасын тұрақтандыру үшін салықты азайтып, шығындарды қысқартуды қарастырған 789 млд доллар болатын ынталандыру жобасы бойынша бір мәмілеге келді. Сенаттағы демократтар жетекшісі Харри Рейдтің айтуынша, бұл жоба 3 млн-нан аса жұмыс орнын ашуы мүмкін. Ол сенат пен өкілдер палатасы қабылданған екі бөлек заңдарды біріктіруде қалай ымыраға келгені туралы нақты бір мәліметтер бермеді.

Келіссөз жүргізушілер Республикандықтар талап еткендей жобаны 800 млд доллардан төмендету мен бұл тұрғыдағы пікірқайшылықтарды реттеу бойынша жұмыс істеді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұл келісім бойынша дауыс берулер бүгін өтуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG