Accessibility links

Өлтірілген шешен Қадыровқа қарсы куәлік бермекші еді


Еуропалық адам құқын қорғаушы топтар Венада өлтірілген шешен азаматы азаптау мен адам өлімі жағдайларына байланысты Кремлдің одақтасы, Шешенстан президенті Рамзан Қадыровқа қарсы куәлік жасамақшы еді.
Еуропадағы адам құқын қорғау орталығының басшысы Вольфанг Калектің мәлімдемесінде Умар Исраиловтың өлімі төңірегіндегі жағдайлар үлкен алаңдаушылықтар тудырады делінген.
Құқық қорғаушы топ басшысының айтуынша, Австрияда олардың орталығы 2008 жылдың маусымында Қадыровқа қарсы қылмыстық істі дайындап жатқан және Рамзан Қадыровтың кісі өлімі мен азаптау істеріне қатысы бар екенін айғақтайтын дәлелдер беруші басты куәгер Исраилов болған еді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG