Accessibility links

Пәкістан Мумбай шабуылдары өз жерінде жоспарланғанын айтты


Пәкістан бірінші рет Мумбайдағы террорлық шабуылдардың бір бөлігі өз жерінде ұйымдастырылғанын айтып, оған қатысты басты күдіктілер қамауға алынды деді. Елдің ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Рехман Маликтің айтуынша, Пәкістан билігі өткен қараша айында 179 адамның өмірін қиған Үндістанның Мумбай қаласындағы шабуылдардың артында тұр деп күдіктелген адамдарды қамауға алған. Бүгінгі баспасөз мәслихатында бұл туралы мәлімдеген ішкі істер министрлігінің өкілі ол шабуылдарға пәкістандық үкіметтік емес құрылым өкілдерінің қатысы бар екенін айтып, Үндістаннан шабуылды ұйымдастырушыларды тергеу ісінде жақын ынтымақтастықта болуды сұрады.
XS
SM
MD
LG