Accessibility links

ЕуроОдақтың кеңею жөніндегі комиссары Сербияға барды


Еуропа Одағының кеңею жөніндегі комиссары Олли Рен Сербия жетекшілерімен интеграция бойынша келіссөздер өткізу үшін Белградқа барды. Ол Сербия президенті Борис Тадичпен кездесті. Келіссөздерден кейін Рен Еуропа Одағы Сербияға қаржылай қолдау көрсететінін айтқан. Белградқа сапарының алдында Олли Рен өзінің Сербияны Еуропа Одағы қолдайтын реформалар жасап, одақтың талаптарына сай болуға шақыратынын айтқан.
Сербияның ЕуроОдаққа қосылуына кедергі болып отырған бір мәселе - Белградтың екі бірдей соғыс қылмыскері оның ішінде әскери қолбасшы болған, босниялық серб Ратко Младичті ұстап бермей отырғандығы.
XS
SM
MD
LG