Accessibility links

Алматыда шет елдік тауарлардың бағасы өсті


Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық әкімшілікте Ахметжан Есімовтың төрағалық етуімен баға мен инфляция процестерін тежеу мониторингі бойынша кеңес өтті. Кеңеске қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудан әкімдері, аймақтық және қалалық бөлімшелер басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Сманқұловтың айтуынша, бөлшек саудада шетелдік тауарлар бағасы 5 тен 20%. аралығында өзгерген (алкоголь, өсімдік майы, тұрмыстық химия, шаруаға қажетті тауарлар, теңіз өнімдері). Мұның басты себебі, шетелдік өндірушілердің бағаны өсіруі.

Осыған байланысты қала әкімі Ахметжан Есімов Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасына, аудан әкімдеріне Статистика департаментімен бірге қала бойынша күн сайын баға мониторингін жалғастыруды және ауыл шаруашылық жәрмеңкелерінің жұмыстарын күн сайынғы кестеге көшіруді, бұларға тауар өндірушілердің толық қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды. Қазіргі кезде Алматы мен Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша қалаға қажетті азық-түлік тауарларының дер кезінде жеткізілуі жөнінде келісім бар.
XS
SM
MD
LG