Accessibility links

"Алля Аят" сектасының жолы кесілді


Шығыс Қазақстан облысының ауданаралық экономикалық соты «Алля Аят» сектасы ұйымының жұмысын тоқтатты. Бұл туралы ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлаған.

Прокуратураның тексеруі нәтижесінде облыс орталығынан Алматы облысының тұрғыны Фархат Абдуллаев құрған «Алля Аят» сектасының діни ілімдерін уағыздаушы екі ұйым анықталған, үшіншісін жою туралы шағым соттың қарауында. Ұйым жетекшілерінің айтуынша, аталған үш ұйым да дәстүрлі емес тәсілмен емдеу үшін құрылған, қажетті лицензиялары болмаған.

«Фархат Абдуллаевтың сектанттық тәсілмен насихат жүргізуіне Астана және Алматы соттары арқылы барлық республика көлемінде тиым салынды. Сарапшылардың қорытындысы бойынша, ол тәсіл адамның ақыл-есін өзгертіп, денсаулыққа нұқсан келтіретін психотехнологиялық қабілетке ие. Емделудің орнына сектанттарда психикалық және соматикалық аурулар пайда болған», — делінген прокуратураның мәліметінде.
XS
SM
MD
LG