Accessibility links

Британия голландиялық депутатты қайтарып жіберді


Британия парламентінің лордтар палатасы Голландия парламентінің депутаты, Азаттық партиясының жетекшісі Герт Вилдерсті өзі жасаған исламды ұлтшылдыққа теңестірген анти исламдық фильмін көрсетуге шақырған еді.

Бірақ жолға шығар алдында Герт Вилдерс Британияның ішкі істер министрлігінен Ұлыбританияға келуіне тиым салынғанын хабарлаған хат алды. Соған қарамастан бейсенбі күні Лондонға ұшып келген голландтық депутат сол заматта кері қайтарылды. Оны күтіп алған Нидерландының елшісі британдық үкіметтің әрекетіне наразылық білдірді.

Ал Герт Вилдерс өз тарапынан бейсенбінің «британдық демократия үшін өте қайғылы күн болды» деп жариялады және британдық премьер Гордона Браунды «Еуропаның ұлы қорқағы» деп атады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG