Accessibility links

Н.Назарбаев: Күдігі бар «саясатшылдар» әшкереленуі тиіс


«Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР президенті Н.Назарбаев партия мүшелерін елдің қаржы дағдарысы салдарын жеңуіне күдіктенген саясатшылдарды әшкерелеуге белсенді түрде кірісуге шақырып: «партияның барлық мүшелері қоғамда алауыздық туғызғысы келген саясатшылдарды әшкерелеуі керек, елдің қазіргі қиындықтарды жеңу мүмкіндігіне күмәнмен қарағандарды батыл пікірталасқа шақыру қажет», — деді.
XS
SM
MD
LG