Accessibility links

Алматыда наурызда қоныс той көбеймек


Алматыда 2008 - 2010 жылдардағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы бойынша 2009 жылдың наурыз айынан бастап пәтерлер беріле бастайды, — деп хабарлайды Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін бағдарлама бойынша 1300 пәтер салынды. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген қала тұрғындарына 30 мың 200 талон берілді. Тексеруден өткен 16 055 құжаттың 9 650-і қабылданған, 9440 азаматтың құжаты төлем қабілетін анықтауға жіберілген.

«Пәтерлердің 1 шаршы метрі 71 774 теңгеден есептеледі. Пәтерлер «Көкжиек» және «Алғабас» ықшамаудандарында салынған үйлерден беріледі. Бағдарламаның басты операторы ипотекалық несиені 4% үстемақымен беретін «Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ», — делінген баспасөз хабарламасында.

Сондай-ақ азаматтар пәтерлерді бұрынғыдай кезегі бойынша алмайды, бұл жолы олардың мемлекеттік қызметтегі немесе әлеуметтік саладағы еңбек өтілінің уақыты және балаларының саны сияқты шарттар басты назарға алынып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG