Accessibility links

Оппозиционерге арналған фотокөрме


Бүгін Алматыдағы республикалық ұйғыр театрының ғимаратында орналасқан «Дүние-АРТ» жаңа заманғы өнер галереясында белгілі оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісі Василий Журавлев пен Бауыржан Байбосынның қастандықпен өлтірілген күніне үш жыл толуына орай ұйымдастырылған фотокөрме ашылды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, көрмеге қойылған «Время» газетінің фототілшісі Владимир Заикин, «Тасжарған» газетінің фототілшісі Валерий Шипулин және «Жас Алаш» газетінің фототілшісі Асылхан Әбдірайымұлының туындылары саясаткердің өмірінен сыр шертеді.
XS
SM
MD
LG