Accessibility links

АҚШ Конгресі президент Б.Обаманың жоспарын дауысқа салады


АҚШ президенті Барак Обама Республикалық партиядан сайланған Конгресс мүшелерін экономиканы ынталандыруды көздейтін өз жоспарын қолдауға шақырады.
Иллинойс штатындағы Сaterpillar алып мәшине зауытында сөйлеген сөзінде Б.Обама Конгресте қос партияның бірлесіп іс атқаратын мезгілі келді деп мәлімдеді. Таяуда аталған мәшине зауыты 20 мың адамды жұмыстан босатуға мәжбүр болды.
АҚШ Конгресі президент Б.Обаманың экономиканы қайта жандыруды көздейтін жоспарын бүгін дауысқа салады. Демократиялық партияның көпшілік дауысы бар Өкілдер палатасы мен Сенат жоспарды мақұлдайтын тәрізді. Жоспарда 3.5 млн. жаңа жұмыс орнын ашу көзделеді.
XS
SM
MD
LG