Accessibility links

Кремль чешен сепаратистерінің өкілін қудалай береді


Ресей чешен сепаратистерінің Ұлыбританияда саяси пана алып тұрып жатқан өкілі Ахмед Закаевқа қарсы қозғаған қылмыстық ісін жаппайды. “Московский комсомолец” газетіне бүгін берген сұхбатында Бас прокуратураның халықаралық құқықтық-ынтымақтастық басқармасының бастығы Саака Карапетян осылай деп мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, А.Закаевқа бірқатар ауыр қылмыс істеді деген айып бойынша халықаралық іздеу жарияланды – бүгін де ештеңе өзгере қойған жоқ.
Одан бұрын Чешен президенті Рамзан Қадыров бұрын театр әртісі болған А.Закаевты Грозныйға оралып, жергілікті театрда жұмыс істеуге шақырған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG