Accessibility links

Мысырда ежелгі адамдардың 20-дан астам мәйіті табылды


Саккарадағы қазба жұмыстарының барысында Мысырда бірнеше табыт немесе саркафаг қойылған бөлме аңғарылды. Ғалымдар 4 табыт пен қабырғаларға ойып жасалған сөрелерден 20-дан астам адамның мәйітін – мумияларын тапты. Олардың көбі ұзақ ғасырдан бері жақсы сақталған көрінеді.
Мәйіттер біздің дәуірімізге дейінгі 7 ғасырға жатады.
Қазба жұмыстарының жетекшісі, Мысыр археологы Захи Хауастың айтуынша, мамандар Саккарадағы 150 жыл жалғасы келе жатқан қазба жұмыстарының нәтижесінде арнайы сақталған мәйіттердің 30 пайызына жуығын ғана тапты, қалғандары құмның астында жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG