Accessibility links

Пәкістанда АҚШ зымыранынан 20 адам қаза болды


Пәкістанның барлау қызметі Ауғанстанмен шекаралас аймағына АҚШ-тың зымыраны деп күдіктелген шабуыл болғанын хабарлап отыр. Қауіпсіздік ресмилерінің сөзіне қарағанда, бұл шабуылдан ислам жауынгері делінген кемінде 20 адам өлген. Талибан өкілдері де Рейтерс агенттігіне берген сұхбатында зымыран соққысынан өздерінің 25 адамы қаза болғанын айтқан. Олардың айтуынша, қаза болғандардың көбі өзбек жауынгерлері. Пәкістан Құрама Штаттардың терроризммен күрестегі негізгі одақтастарының бірі. Бірақ Исламабад елдегі талибан мен әл Қаида жауынгерлері жасырынған деген аймаққа жасалған АҚШ зымырандық соққысына қарсылық танытты.
XS
SM
MD
LG