Accessibility links

Жерсеріктерінің соғысуы басқа спутниктерге қауіп төндіреді


Бүгін ғарыш мамандары сейсенбі күнгі екі жерсерігінің ғарышта соғысуынан өте көп қалдықтар қалдырғандықтан, ол мыңдаған жыл бойы басқа жерсеріктеріне үлкен қауіп тудыратын болады деді. Ресейдің істен шыққан әскери жерсерігі мен АҚШ-тың жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп жерсерігі ғарыштың ең тығыз аймағы- жерден 800 шақырымдай биіктікте соғысып қалған еді. Енді сарапшылар олардың орбитадағы қалдықтары үлкен жылдамдықпен қозғалуда, ол аймақтағы басқа спутниктерге үлкен қауіп төндіретін болады деп отыр. Бірақ АҚШ пен Ресейдің ғарыш агенттіктері бұл аймақ халықаралық ғарыш бекетінен алыс болғандықтан қауіп аз ғана деп айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG