Accessibility links

Бекхэм АҚШ тобына қайта оралмақ


Британдық футбол құрамасының бұрынғы капитаны Дэвид Бекхэм итальяндық Милан клубында қала алмайды. Оның АҚШ-тағы Лос Анжелес Гэлакси клубының айтуынша, жұма күні 33 жасар футболисті қабылдау ұсынысы бойынша италяндық клубқа берілген мерзім аяқталды. Лос Анжелес Бекхэмді Милан клубына 3 айға берген, ол келісім наурыз айында аяқталады. Британдық футболшы Бекхэм американдық футбол клубын жаңа деңгейге көтеру үшін бес жылдық келісіммен 2007 жылы Құрама Штаттарға көшкен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG