Құрама Штаттарда әйелін ұрып-соғып, қорлаған ауған дипломаты қамалды. Прокуратураның хабарлауынша, Нью-Йорктегі ауған консулдығының вице-консулы Мохаммед Фагирад өз үйінде әйеліне қол жұмсап жатқанда полиция қамауына алынды. Фагирад өзінің дипломатиялық иммунитеті бар екенін алға тартқан, бірақ айыптаушылар оның дипломатиялық иммунитеті жұмысымен ғана шектелетінін айтқан.