Accessibility links

Түркия полициясы күрд шерушілерімен қақтығысты


Бүгін түркиялық полиция Диярбақыр қаласында күрдтер көсемі Абдулла Ожаланның ұсталғанына 10 жыл толғанын атап өткен күрд шерушілерімен қақтығысып қалды. Полиция 2,500 дей адам жиналған шеруді тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданып, сумен атқылаған. Оншақты адам қамауға алынып, бірнешеуі жарақат алған. Күрд көтерілісшілері 1999 жылы 15-ші ақпанда өздерінің көсемдері, Күрд жұмысшылар партиясын құрған Ожаланның қамауға алынған күнін атап өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG