Accessibility links

«Аят» сектасы сот шешіміне қарсы шықпақ


Алматы қаласы бойынша ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Аят» сектасы өздерінің іс-әрекетіне тиым салған Алматы ауданаралық экономикалық сотының шешіміне қарсы шықпақ.

ҚР ҰҚК қызметкерлері Алматы облысы, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында пайда болған «Аят» сектасы өз әрекеттерін шетел асырып, Ресейдің кейбір облыстарына дейін таратқандарын айтады.

Ислам, христиан және басқа да әлемдік діндерді жоққа шығаратын «Аят» сектасының «Звезда Вселенной» атты діни ілім беретін журналы да болған. ҰҚК мәліметінше, Қазақстан қалаларының жындыханаларына «Алла-аяттың» көптеген мүшелері түскен. Науқастардың туыстары олардың өзін-өзі өлтіруге дайындалғандарын айтады.

2008 жылдың 22-желтоқсанында Алматы ауданаралық экономикалық соты ашық сот отырысында қалалық прокуратураның шағымын қанағаттандырып, «Алла-аят» сектасының жұмысын тоқтатқан болатын.
XS
SM
MD
LG