Accessibility links

«KUAT» басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалуда


Енді әрбір басшының не істегені, қай қаржыны қайда жібергені тергеу барысында анықталады, — деп хабарлады сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Тубина.

Оның айтуынша, қаржы полициясы басшылардың үлескерлер ақшасын заңсыз жұмсағандары туралы нақты дәлелдерге ие. Сондай-ақ тергеу кезінде компанияның мүлігі қамауға алынады.

«Нам мырзаның уәделерінің бәрі бос сөз боп шықты, бірақ ол олардың бәріне қол қойған», — дейді «KUAT» корпорациясы 42 кварталы үлескерлері бастамашыл тобының мүшесі Роман Мольков. Оның айтуынша, қазіргі уақытта 42 кварталдағы 104 жер учаскесінің 54-і ғана сатылған. «Бұл деген корпорацияның аталған нысан бойынша ешқандай құрылысты бастауға кіріспегенін білдіреді», — дейді үлескер.

«Біз қаржы полициясы органдарынан компанияға толық тексеру жүргізуді талап етеміз. Қазір олар біздің өтінішіміз бойынша да, қалалық прокуратураның нұсқауынша да өздерінің қаржылық құжаттарына қаржы полициясын жолатпай отыр», — дейді Р. Мольков.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG