Accessibility links

zonakz.net сайты DDoS шабуылына ұшырады


Өткен жұма күні Қазақстандағы танымал сайттардың бірі www.zonakz.net DDoS шабуылына ұшырап, уақытша жұмыс істемей қалған болатын. Бұған дейін «шабуылдың себептері мен авторы бізге белгісіз. Бұған қатысты күдігіміз де жоқ, бірақ бұл біздің сайтты қатардан шығарып, пайдаланушылар үшін жарамсыз қылуға арналған мақсатты әрекет», — деп түсіндірген интернет-газеттің бас редакторы Юрий Мизинов Азаттық радиосына былай деді:

«13-ақпан күні сағат 19.00-де біздің «ЗонаКЗ» сайтына DDoS-шабуыл жасалды, ол 14 ақпан күнгі 14-00-ге дейін жалғасты, осы уақыт аралығында біздің сайтымыз желіде жоқ болды. Шабуылдың себебі мен оны орындаушылар редакцияға белгісіз болып отыр. Бірақ виртуалды терроризм мәселесі бойынша құқық қорғау органдары айналысуы керек деп есептейміз».
XS
SM
MD
LG