Accessibility links

Үкімет басшысы банктердің қызметтерін анықтады


«Альянс Банк» шағын және орта бизнесті қолдау бойынша негізгі оператор болады, ал «Тұран Әлем Банкі» ипотеканы қайта қаржыландыруды мойнына алады, — деп хабарлады ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Шағын және орта бизнесті қолдаудың негізгі операторы болып саналатын «Альянс Банк» арқылы осы мақсатқа 18 млрд теңге жіберіледі. Агроөндірістік сектордың қолдаушы операторы болып табылатын «Тұран Әлем Банкі» сонымен бірге ипотекалық несиені қайта қаржыландырумен айналысады, бұл мақсатқа аталған банк арқылы 43 млрд теңге бөлінеді. Несие мөлшері 11 пайызға дейін төмендетіліп, несиелендірудің мерзімі ұзартылады. Бұдан басқа аталған екі банк те экономиканы өз ақшасымен де, үкімет бөлген ақшамен де қаржыландыра береді», — деді К.Мәсімов.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG