Accessibility links

Үлескерлер мәселесі тағы да ертеңге қалды


Бүгін 16-ақпан күні сағат 14.00-де «Верный.KZ» компаниясы үлескерлерінің бастамасымен қалалық әкімшіліктің алданған азаматтарға берген уәделері төңірегіндегі жағдайларды талап еткен жүз қаралы үлескер пикетке шықты.

Наразылық акциясының себебі Алматы қалалық әкімшілігінің баспасөз хатшысы Сергей Куянов таратқан «Верный.KZ-тің» үлескерлері мемлекеттік қолдауға ие болмайды деген ақпараттан туындап отыр.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, наразы топ мақалада жазылған мәліметке қатысты әкімшіліктің жауабын талап етті. Үлескерлер алдына шыққан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов пикетшілерді тыныштандыруға тырысып: «Ертең сағат 18.00-де Мемлекеттік сәулет-құрылыс комитеті (ГАСК) ғимаратында әкімшілік өкілдері, қаржы полициясы, ҰҚК және прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен кездесу болады, сол жиында аталған мәселені қарастырамыз», — деді.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG