Accessibility links

АҚШ ұшақтары Пәкістан жеріне әуеден тағы да соққы берді


Пәкістанның солтүстік-батысында зымырандық соққының нәтижесінде тәліптердің бекінісі жойылды. Түрлі дерек бойынша, 10-нан 30-ға жуық адам көз жұмды. Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, АҚШ-тың адамсыз ұшатын соғыс ұшағы зымыранмен атқылады.
Өткен сенбі күні де дәл осындай соққының нәтижесінде тәліптердің тағы бір бекінісі жойылып, кемінде 27 адам мерт болды. Ресми Исламабад өз территориясындағы содырлардың бекіністеріне АҚШ ұшақтарының әуеден соққы беруі Америкаға қарсы көңіл-күй туғызады және Пәкістанның тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді деп талай рет наразылық білдірді.
XS
SM
MD
LG