Accessibility links

АҚШ-тың арнаулы өкілі Делиде келіссөз өткізеді


АҚШ-тың арнаулы өкілі Ричард Холбрук дүйсенбі күні Делиде Үндістан басшылығымен келіссөз өткізуге тиіс. Бұл жолы Үндістанның көрші Пәкістанмен арадағы теке-тіресі келіссөздің басты тақырыбы болмақшы.
Барак Обаманың әкімшілігіндегі жоғары лауазымды дипломат Үндістанға Исламабад пен Кабулға барған сапарынан кейін жексенбі күні ұшып жетті.
Дүйсенбіде Р.Холбрук Үндістанның сыртқы істер министрі Пранаб Мухерджимен және премьер-министрдің Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі Манмохан Нараянанмен кездесіп, ресм Делидің Пәкістанды паналаған экстремистерден төнген қатерге деген алаңдаушылығын талқылауға тиіс.
XS
SM
MD
LG