Accessibility links

Жапонияның қаржы министрі Римде ұйқылы-ояу отырды


Күншығыс елінің оппозициясы қаржы министрі Сиоити Накагаваның қызметтен кетуін талап етеді. Оны өткен аптаның соңында “үлкен сегіздік” елдерінің қаржы министрлері мен Орталық банк төрағаларының Римде өткен кездесуінде өзін дұрыс ұстамады – қорытынды баспасөз-масихатында ол мас күйінде сөйледі деп айыптайды. Жапон премьер-министрі Таро Асоның ең жақын одақтасының бірі болып табылатын Накагаваның өзі “тұмауға қарсы дәрі-дәрмекті көп ішіп, баспасөз-маслихатында ұйқылы-ояу отырдым және сауалдарға көп ойланбай жауап бердім”, -деп ақталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG