Accessibility links

Жапония дағдарыстан ең ауыр зардап шегуде


Экономикасының ауқымы жағынан АҚШ-тан кейін әлемде екінші орында тұратын Жапония экономикасының көлемі 2008 жылдың 4-тоқсанында алдыңғы 3 аймен салыстырғанда 3.3 пайызға қысқарды. Бұл - АҚШ пен Еуропа экономикаларының қысқаруынан 2-3 есе артық және жапон экономикасы үшін соңғы 35 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Оның ең басты себептерінің бірі – экспорт көлемінің күрт қысқаруы – соңғы 3 айда ол 14 пайызға дерлік төмендеді.
АҚШ экономикасы өткен жылдың соңғы тоқсанында 1 пайызға, еуро аумағына кіретін 15 елдің жалпы ішкі өнімі 1.5 пайызға қысқарды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG