Accessibility links

Англия мен Францияның сүңгуір қайықтары қақтығысты


Ұлыбритания мен Францияның ядролық зымырандары бар сүңгуір қайықтары ақпан айының басында Атлант мұхитында бір-бірімен қақтығысып қалды.
Ол туралы ағылшын үкіметіндегі ақпарат көзін сілтеген ағылшын баспасөзі мен ақпарат агенттіктері хабарлады.
Хабарға қарағанда, сүңгуір қайықтар белгісіз себептермен мұхиттың терең түбінде қақтығысып, суасты кемелеріне болар-болмас нұқсан келген. Қаза тапқан ешкім жоқ, радиоактивті зат төгілмеген көрінеді.
Ресми Лондон бұл хабарды не теріске шығармады, не растаған жоқ. Францияның қорғаныс министрлігі сүңгуір қайықтардың қақтығысып қалғанын растады, бірақ оқиғаның жай-жапсарын хабарламады.

AzattyqTV

Маңғыстау мұнайшысы

Жамбыл Бойбоздың пікірі

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG