Accessibility links

Кремль Боливияға да өз қаруын сататын болды


Ресей мен Боливия Ла-Пасқа орыстың соғыс тікұшақтарын сату туралы шартқа қол қойды. Ол туралы Мәскеуде Боливия президенті Эво Моралеспен өткізген келіссөзінен кейінгі баспасөз-маслихатында Ресей президенті Дмитрий Медведев хабарлады.
Екі президенттің келіссөзінде қауіпсіздік проблемасы, оның ішінде есірткіге қарсы күрес, газ өндіру мен тасымалдауға қатысты бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері сөз болды.
Мәскеу мен Ла-Пас ғаламдық дағдарысқа қарсы күрес тақырыбы бойынша мемлекет басшыларының қатысуымен БҰҰ-ның конференциясын өткізу бастамасын мақұлдады.
XS
SM
MD
LG